Құрметті достар, 8-ші қазан күні «Студенттік үкімет» мүшелері Алматы қаласының жастары және шаһар тұрғындарымен бірлесіп мемлекет басшысының бастамасымен өткен «Қоқыссыз таза табиғат» жалпыұлттық акциясына қатыстық.Алматы студенттері де республикалық Eco Student KZ жобасын қолдады.
Эко акцияға 2 мыңнан астам адам қатысып, 35 тонна қоқыс жиналды. Сонымен қатар, Медеу ауданында 250 алма ағашы мен 500 бұта отырғызылды.
Жаппай жинау ең танымал туристік орындарды – Көк жайлау үстіртін, Бутаковка, Казачка, Қимасар және Проходное шатқалдарын қамтыды.