16 сәуірде «Тілдік дайындық» кафедрасы сениор лекторы Л.А. Шинтаеваның ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған кеш өткізілді. Іс – шараның мақсаты ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрімізді ұмытпау және ұлы махаббат сезімін ерекше қадірлеуге, қастерлей білуге үйрену.
Бұл мереке қыз бен жігіттің арасындағы махаббат, ананың балаларына махаббаты, баланың ата-анасына махаббаты сияқты кең ауқымда ұлттық нақышта, ұлттық сипатта аталып өтетін, тәрбиелік мәні бар мереке. Іс-шара барысында студенттер қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі «Қыз Жібек» қойылымын сахнаға шығарып, би билеп, халқымыздың салт-дәстүрлерінен сахналық көріністер тамашалап, махаббат туралы жыр – дастандар оқылды.