Қазіргі уақытта Ұлттық студенттер лигасы (бұдан әрі – НСЛ) – республикалық теледидары мен БАҚ-тағы студенттер арасындағы ең танымал спорттық жобалардың бірі. НСЛ жастар өздерінің барлық спорттық патенциалын жүзеге асыратын, жаңа мүмкіндіктер ашатын алаңға айналды, бұл ойын көптеген адамдардың жүректеріне жол тапты.
2021-2022 жылғы маусым «ALT» командасы үшін оқиғаларға бай болды. Бір жыл бұрын құрылған жас команда өте жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
- Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында турнир чемпионы және «Әкім Кубогының» иегерлері;
- Алматы қаласындағы «ПФЛ» лигасында 4 орын (26 команда арасында) ;
- НСЛ аймақтық турнирінде 2 орын (20 команда арасында) ;
- Алматы қ. ХФЛ турнирінің қазіргі қатысушысы;
- НСЛ-2022 финалисті болған ҚР бойынша жоғары оқу орындарының 12 үздік командасының бірі болып табылады.
Академия басшылығы жас спортшыларға оның барлық бастамаларында барынша қолдау көрсетеді. Академия Президенті-ректоры С.Н.Әмірғалиева жеке кездесіп, команданы Жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен шын жүректен құттықтады.
«Сіздердің көрсеткіштеріңіз академия студенттерінің қуаты мен дарындылығының тағы бір дәлелі. Алдағы НСЛ финалында сәттілік тілеймін. Сіздер қандай орын алсаңыздар да, біз сіздерді мақтан тұтатынымызды біліңіздер!»- деп сөзін толықтырды Салтанат Нұрәділқызы.