ТДМ №16-мақсат: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар мақсаты аясында 23-06-2026 Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Талқылау барысында конституциялық реформа әділетті мемлекет құруға және елдің жаңа даму кезеңіне қадам жасауға бағытталған. Жаңа Конституция жобасы республикалық референдумға шығарылып, оны әзірлеу үшін Конституциялық комиссия құрылды.
Конституцияның преамбуласында Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттілікті нығайту, елдің аумақтық тұтастығын сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, бейбітшілік пен татулық қағидаттары көрсетілген.
Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі-адам құқықтарына басымдық берілуі. Онда Қазақстан халқы биліктің бірден-бір бастауы екені бекітілген. Сонымен қатар, азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау, білім, ғылым, мәдениет пен инновацияны дамыту, табиғатты қорғау, зайырлы мемлекет қағидатын сақтау және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау мәселелері қамтылған.
Сондай-ақ, ұлттық мәдениет пен тарихи мұраны сақтау, жаңа мемлекеттік институттарды құру және саяси жүйені жетілдіру арқылы елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз қалау көзделген. Айта кететін болсақ, Ұазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді.
Автор: Бейсенова П. М.


