Select Page

24 сәуір күні университет қабырғасында студенттерге арналған «Заң мен тәртіп» акциясы аясында «Құқықтық сауаттылықты арттыру арқылы қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізі» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Бұл басқосу – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.
Кездесуге құқық саласының тәжірибелі мамандары қатысып, өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті:

  • Әлімов Олжас Төлегенұлы – «Құқықтық қорғау және заң көмегін көрсету орталығы» заң консультанттары палатасының төрағасы,
  • Әбзелбек Шынар – Алматы қаласы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы,
  • Дүзелбай Айдана – Алматы қаласы Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің жетекші маманы,
  • Шерхуатұлы Бадам – Алматы қаласы Өңірлік жеке сот орындаушылары палатасы төрағасының орынбасары,
  • Оразбек Бекарыс – Алматы қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің бас маманы.

Кездесу барысында спикерлер құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі – әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі алғышарты екенін атап өтті. Сондай-ақ студенттерге құқықтық кеңестер беріліп, нақты өмірлік жағдайлар мысалында заң нормаларын қолдану жолдары түсіндірілді.
Аталған кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) бірқатар бағыттарымен үндеседі. Атап айтқанда, ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар мақсаты аясында құқық үстемдігін нығайту, әділ әрі ашық қоғам құру идеялары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, ТДМ 4 – Сапалы білім беру бағыты бойынша студенттердің құқықтық білімін арттыруға ерекше мән берілді.
Осындай мазмұнды кездесулер – саналы, құқықтық сауатты және жауапты қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Skip to content
Приемная комиссия