4 сәуір күні «Тұран» университетінің спорт залында футзалдан Оңтүстік-Шығыс дивизионының қыздары мен жасөспірімдері арасында 2022 жылғы Ұлттық студенттер лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Футзалдан турнирдің аймақтық жарыстарына 5 командадан 4 топқа бөлінген 20 ерлер командасы және 5 қыздар командасы қатысты. Аталған жарыста Логистика және көлік академиясының құрама командасы 2-ші орын алып, күміс медальға ие болды. Сонымен қатар, «АЛиТ» құрама командасы 1-9 мамыр аралығында Алматы қаласында өтетін футзалдан ҚР ҰСЛ финалына жолдама алды. Көптен күткен финалда әр облыстан келген 16 команда бақ сынайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық студенттер лигасының финалына шыққан барлық командаларға ақтық сында сәттілік тілейміз.