Select Page

2025 жылғы 17 желтоқсанда М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінде қызметкерлерге арналған «Сенімділік, мотивация, табыс: жаңа өзіңе қадам» тақырыбындағы тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты — жеке және кәсіби сенімділікті дамыту, ішкі мотивацияны арттыру, эмоционалдық күйзелістің алдын алу және қызметкерлердің ресурстық жағдайын нығайту.

Тренинг барысында қатысушылар өздерінің ішкі ұстанымдарымен, эмоциялық жағдайымен және жеке ресурстарымен жұмыс жасап, кәсіби қызметте психологиялық тұрақтылықты сақтауға арналған практикалық құралдарды меңгерді.

Іс-шараға университет қызметкерлерімен қатар Студенттер үйлерінің Койшибаева Жулдыз Кадыровна, Калкеева Толкын Тайтолеуовна, Жаксылыкова Аягоз Курмангазыкызы меңгерушілері қатысты. Бұл білім алушылармен тікелей жұмыс істейтін мамандардың психологиялық әл-ауқатының маңыздылығын көрсетті.

Жұмыс барысында арт-терапия әдістері және диагностика мен өзін-өзі тануға арналған метафоралық ассоциативті карталар (МАК) қолданылды.

Мұндай тренингтер ұжымдағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға және қызметкерлердің кәсіби тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Skip to content
Приемная комиссия