2022 жылғы 18 мамыр күні сағат 15:30-да Академияның акт залында Академияның Студенттік үкіметінің бастамасымен «Референдум және оның әлеуметтік қызметі»тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Академия студенттері Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы бастамасына қолдау білдіріп, барша қазақстандықтарды 5 маусымдағы референдумға белсенді қатысуға шақырады. Референдум-бұл қоғамның демократиялық процестерге қатысуына, жаңа Қазақстанды құру жолындағы демократиялық өзгерістерге үлкен мүмкіндік»
Студенттік Үкіметтің мүшесі, ЛжКА 2 курс студенті Темірболатова Дильназ жастардың еліміздегі өзгерістер мен жаңғыруға жол ашатын референдум үшін жауапкершілікті сезінуі ерекше маңызды деп санайды. Болашақ-жастардың қолында, әрбір бүгінгі іс жарқын болашақты құрудың негізі болуға тиіс. Ол замандастарын жарқын болашаққа дауыс беруге шақырды.