Select Page

М. Тынышпаев атындағы ALT UNIVERSITY-де «Қазақстан Республикасының электр энергетикасының қазіргі жағдайы: мәселелері, міндеттері және даму перспективалары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Дәрісті Ресей Федерациясындағы Оңтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің «Технологиялық үдерістерді энергиямен қамтамасыз ету және автоматтандыру» кафедрасының шақырылған профессоры өткізді.
Іс-шараға ALT UNIVERSITY-дің 6В07121 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері, сондай-ақ Ташкент мемлекеттік көлік университетінің «Электрмен жабдықтау» кафедрасының доценті, магистранттары және докторанты қатысты.
Дәріс барысында Қазақстанның электр энергетикасы саласының қазіргі жағдайына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Атап айтқанда, электр энергиясын өндіру, беру және тарату жүйелерінің жай-күйі, электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету, энергия тиімділігін арттыру, электр желілерін жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне назар аударылды.
Сондай-ақ саланың қазіргі проблемаларына, оны дамытудың перспективалық бағыттарына және болашақ электр энергетикасы мамандарының алдында тұрған міндеттерге ерекше көңіл бөлінді.
Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның үш жоғары оқу орны өкілдерінің қатысуы іс-шараның академиялық маңызын арттырып, кәсіби тәжірибе алмасуға, энергетика саласының өзекті мәселелерін талқылауға және университеттер арасындағы байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
Қонақ дәрісі Тұрақты даму мақсаттарының 17-мақсаты — «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» аясында өткізілді. Іс-шара университеттер арасындағы әріптестікті дамытуға, білім алмасуға және жоғары білім мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған академиялық өзара іс-қимылдың үлгісі болды.
ALT UNIVERSITY халықаралық академиялық байланыстарды дамытуды, шетелдік ғалымдарды білім беру үдерісіне тартуды және бірлескен білім беру мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамаларды жалғастыруда.

Автор: Утепбергенова С. М.

Skip to content
Приемная комиссия