Select Page

БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты — «Сапалы білім» және 16-мақсаты — «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» аясында ALT University-де Республика күніне орай «ALASH DEBATE» ұйымының ұйымдастыруымен студенттер арасында пікірсайыс өтті.

Іс-шараның мақсаты — жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және өзекті қоғамдық мәселелер бойынша еркін пікір алмасуға мүмкіндік беру.

Дебат британдық парламенттік форматта ұйымдастырылып, оған 4 команда қатысты. Қатысушылар өз көзқарастарын дәлелдермен негіздеп, қарсы тараптың уәждеріне жауап беріп, шешендік шеберліктерін көрсетті.

Пікірсайыс барысында мынадай өзекті тақырыптар талқыланды:

  • «Қазіргі таңда әскерге бару — ер азаматтың парызы ма, әлде жоқ па?»
  • «Қазақстанда әйел мен ер адамның құқықтары тең бе?»
  • «Қазақстан жастарының шетелге кетуі елдің дамуына кері әсер ете ме?»

Финалдық кезеңде қатысушылар «Диплом — болашақтың кілті ме?» тақырыбында пікірталас жүргізді.

Дебат жастардың сыни ойлау дағдыларын жетілдіруге, әділ пікірталас мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық мәселелерге жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

Осындай іс-шаралар студенттердің зияткерлік әлеуетін арттырып, ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азамат болып қалыптасуына жол ашады.

Автор: Қадырбек Айзада

Skip to content
Приемная комиссия