2026 жылғы 20 қазанда ALT Университетінде «Роботтарды басқару жүйелері» пәні аясында ИС-24-2 ENG тобының студенттеріне арналған 6 осьті оқу робот-манипуляторын пайдалана отырып практикалық бағыттағы сабақ өткізілді.
Дәрістік және практикалық сабақты ALT Университетінің қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Шалабаев Бақытжан Рамазанович жүргізді.
Сабақ барысында студенттер 6 осьті робот-манипулятордың құрылымымен, жұмыс істеу қағидаларымен, негізгі тораптарымен және басқару жүйелерімен танысты. Роботтың еркіндік дәрежелері бойынша қозғалысын зерттеуге, бағдарламалау қағидаларына және манипуляторды тәжірибе жүзінде басқаруға ерекше назар аударылды.
Робототехника негіздерін үйретуге арналған арнайы оқу стендін пайдалану студенттерге теориялық білімдерін тәжірибеде бекітуге және заманауи робототехникалық жүйелермен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын меңгеруге мүмкіндік берді.
Роботтандырылған жабдықтарды қолдану арқылы өткізілетін практикалық сабақтар студенттердің инженерлік ойлау қабілетін дамытуға, кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға және автоматтандыру мен робототехника саласындағы инновациялық технологияларды меңгеруге ықпал етеді.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді:
- ТДМ 4 — Сапалы білім: сапалы практикалық бағдарланған білім беруді қамтамасыз ету, студенттердің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.
- ТДМ 9 — Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: инновациялық технологияларды меңгеруге, робототехниканы және заманауи инженерлік инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету.
Автор: Әбуғазы А. Ш.


