2026 жылғы 23 сәуірде сағат 13:00–14:30 аралығында Коворкинг алаңында «Толық адам» мен менталды денсаулық: жан мен тәннің теңдігі» тақырыбында (БҰҰ-ның United Nations Тұрақты даму мақсаттары аясында) семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингті Биманова А.И. – Алматы энергетика және байланыс университетінің психологы профессор-оқытушылар құрамы мен эдвайзерлерге арнап жүргізді.
- Іс-шараны ұйымдастырушы – Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық кеңсесінің басшысы Шабденова Д.Р..
- Іс-шараны ұйымдастырушылық қолдау көрсеткен – Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің директоры Ташимбетова А.Т.
- Семинарға 12 кафедрадан 13 профессор-оқытушылар құрамы (ППС) және 15 эдвайзер қатысты.
Іс-шара United Nations Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты (Сапалы денсаулық және әл-ауқат) және 4-мақсаты (Сапалы білім) шеңберінде өткізілді.
Семинардың барлық мазмұны Абай Кунанбаев ұсынған «Толық адам» концепциясы негізінде құрылды:
ақыл (саналы ойлау), қайрат (ерік-жігер, әрекет), жылы жүрек (эмпатия, адамгершілік) арасындағы тепе-теңдік арқылы тұлғаның үйлесімді дамуы қарастырылды.
Семинар барысында қатысушылар:
- өзара пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады;
- психологиялық диагностика элементтерінен өтті;
- практикалық кейстермен жұмыс жасады;
топтық форматта майнд-карталар құру арқылы тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.


