2026 жылдың 26 сәуірінде «ӘГП және ДТ» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к., Сабира Иманбаеваның ұйымдастыруымен 1-курс студенттері Ғ. М. Мүсірепов атындағы Қазақстан Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөcпірімдер театрында өткен «Қызыл орамалды шынарым» атты қойылымын тамашалады. Тұрақты дамудың 4-бағыты — «Сапалы білім беру» аясында өткен бұл шара жастардың адами құндылықтарын жаңғыртуға бағытталды.
Ұлы жазушы Ш. Айтматовтың шығармасы негізінде қойылған драмалық спектакльге арқау болған «махаббат» тақырыбы адамзат үшін әрқашанда өміршең құндылық. Студенттер қойылымнан нәзік сезім мен ар-намысы сынға түскен, «бастарынан бақыт құсы ұшқан» жандардың өмірін, ішкі мұң астасқан жүректің түкпіріндегі қимас махаббатты бейнелеген көріністен жантебірентерлік әсер алды.
Мұндай мәдени — танымдық қойылымдар «Мәдениеттану» мен «Әлеуметтану» пәндері бойынша алынған теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып өнердің бір түрі театрға деген қызығушылық сезімді арттырады. Тұрақты дамудың 4-бағыты — «Сапалы білім беру» аясында өткен бұл шара жастардың адами құндылықтарын жаңғыртуға бағытталады.


