10.04.2024 күні «Тілдік дайындық» кафедрасының оқытушысы С.А.Алиева «Сабақта пайдаланылатын ойын түрлері мен қолданылатын әдіс-тәсілдер» атты мастер класс өткізді. Жылдар бойы жинаған өз тәжірибесімен бөлісе отырып, көптеген тың идеялар айтты. Өзінің сабақта пайдаланатын көрнекіліктерімен бөлісе отырып сабақты қалай қызық етіп өтуге болатынын көрсетті.
Ең бірінші Алиева С.А. өзі сабақ кезінде пайдаланатын «Сөйлей білесің бе?» әдіс-тәсілін көрсеткісі келіп, даладан күзгі жапырақтар жинағанын айтты. Бұл ойынның мақсаты «сатушы мен сатып алушы» бола отырып таңдаған затын алу кезінде қандай сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана алады, сөздік қоры бар ма, жоқ па соны анықтауға мүмкіндік беретін керемет ойын екендігін дәлелдей білді. Одан басқа тыңдап отырған барлық мамандықтағы жас оқытушылар пайдалана алатын «Снежный ком», «Орныңды алмастыр», «Адам танисың ба?», «Сен де ақын бола аласың!», «Ақ парақ», сияқты әдіс тәсілдерді көрсетті. Сабақты қорытындылауға арналған «ПОПС» формуласы, «Рефлексия», «Фишбоун» әдістерінің ойналу жолдары мен тәсілдерін талқылады. Сабақ негізі жас оқытушыларға арналғанымен де көп жылдық тәжірибесі бар оқытушылар үшін де қызықты болды.