Select Page

25 сәуір күні Алматы қаласында өткен “Jas Gala 2026” байқауы — студенттік шығармашылық пен өнердің жаңа белесін айқындаған ерекше алаң болды. Алматы Студенттер Альянсы ұйымдастырған бұл ауқымды жобада театр бағыты бойынша М. Тынышбаев атындағы ALT университетінің намысын “Salt” студенттік театры қорғады.

Көрермен назарына ұсынылған авторлық “Абай – тоқ жан” спектаклі — терең философиялық мазмұнға құрылған, ой мен сезімді ұштастырған көркем туынды болды. Қойылымның негізіне ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының “Толық адам” ілімі арқау етіліп, адам болмысының рухани кемелденуі, ар-ождан, білім мен жүрек үйлесімі сахна тілімен шебер жеткізілді.

“Salt” театрының әрбір сахналық шешімі, актерлердің шынайы ойыны мен эмоциялық тереңдігі көрерменді бейжай қалдырмай, ерекше әсер сыйлады. Қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланған бұл қойылым — студент жастардың өнерге деген ізденісі мен кәсіби деңгейінің айқын көрінісі болды.

Бұл жоба тек өнер мерекесі ғана емес, сонымен қатар тұрақты дамудың маңызды құндылықтарын дәріптейтін рухани алаңға айналды:

ТДМ 4 (Сапалы білім) — жастардың шығармашылық және интеллектуалдық дамуына ықпал ету;
ТДМ 16 (Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар) — рухани тәрбие мен адамгершілік қағидаттарын ілгерілету.

“Salt” студенттік театры — тек сахнада өнер көрсетіп қана қоймай, көрерменге ой салатын, жүрекке жететін мазмұн ұсына алатын шығармашылық ұжым екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Skip to content
Приемная комиссия