31 мамыр күні Алматы облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Талғар ауданы, Жаңалық ауылында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» қабырғасына гүл шоқтары қойылды. Аталмыш іс-шараға Академиямыздан «Жылжымалы құрам» кафедрасының меңгерушісі Аширбаев Галымжан мен «Ардагерлер кеңесінің» мүшесі Жүнісова Нұршакен бастаған Академия студенттері қатысып, құрбан болған ата-бабаларымыздың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Оған қоса студенттер «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына барып, тарихымызға көз жүгіртіп қайтты.