2024 жылғы 10 тамызда университет Президенті-ректоры С.Н.Амиргалиева, корпоративтік және әлеуметтік даму проректоры А.А.Иванов және инфрақұрылымды басқару және тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаменттерінің қызметкерлері «М. Тынышпаев атындағы АLТ университетінің» студенттер үйлерінің дайындығы бойынша алдын-ала аралау жүргізді. №2 СҮ меңгерушілері Ж.К. Қойшыбаева және №3 СҮ Ш.К. Сахариева басшылықты студенттер үйлеріндегі жұмыс барысымен таныстырып, жүргізілген косметикалық жөндеу нәтижелерін көрсетті. Жалпы студенттердің бөлмелері мен үйлері білім алушылардың тұруына толық дайындалған. № 4 студенттер үйінде соңғы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олар мерзімінде аяқталады.