Select Page

2026 жылдың 13 мамыр күні «Қоғамға қызмет ету» пәні аясында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары мен студенттері үшін университет психологының қатысуымен «Студенттердің емтихан алдындағы эмоционалдық жағдайы мен оқу мотивациясын арттыру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің емтихан кезеңіндегі психологиялық дайындығын нығайту, стресс деңгейін төмендету және оқу мотивациясын арттыру болды.

Студенттерге уақытты дұрыс жоспарлау, өзін-өзі реттеу, эмоционалдық тұрақтылықты сақтау және оқу процесіне деген оң көзқарасты қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, тыныс алу жаттығулары мен релаксациялық техникалар көрсетіліп, қатысушылармен интерактивті жұмыс жүргізілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Іс-шара студенттердің психологиялық саулығын қолдауға және емтихан кезеңінен сәтті өтуіне оң ықпал етті.

Автор: Өмірбекова Зарина Маратқызы

Skip to content
Приемная комиссия