2021 жылғы 27 қазанда ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықпен әлеуметтік-тәрбие жұмысы Департаменті СПИД орталығының мамандарына сенім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясына қатысты стигманы жою, сондай-ақ жергілікті деңгейде ЖИТС індетіне қарсы іс-қимыл мақсатында студенттермен кездесу өткізді. Кездесуде АИТВ және ЖИТС ұғымдары, берілу жолдары, алдын алу туралы айтылды.
Дәрігер-эпидемиолог студенттерге алдын алу шаралары туралы, тегін тексеруден өтуге болатынын егжей-тегжейлі айтып берді; студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Дәріскер АИТВ жұқтырған адамның белгілі бір ережелерді сақтай отырып, айналасындағы адамдарға ешқандай қауіп төндірмейтініне ерекше назар аударды.
ЖИТС-бұл емделмейтін ауру, оны ешкім сақтандыра алмайды. Бірақ салауатты өмір салтын білу және сақтау инфекция қаупін едәуір төмендететінін ұмытпаңыз.
Кездесу соңында барлық қатысушыларға АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттық брошюралар мен дәптерлер таратылды.