2025 жылғы 17 желтоқсанда сыбайлас жемқорлық фактілері мен олардың салдары туралы ақпараттандыру мақсатында ректораттың кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс барысында комплаенс-офицер Б. Төлетаев баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінің негізгі аспектілеріне тоқталды.
Атап айтқанда, баяндамада корпоративтік құндылықтар мен негізгі қағидаттар, университет оқытушылары мен қызметкерлерінің студенттермен өзара қарым-қатынасы, әріптестер арасындағы этикалық байланыстар, сондай-ақ университет қызметкерлері мен оқытушыларына жол берілмейтін әрекеттер мәселелері қарастырылды.


