8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.
Көктеммен ілесе келетін осынау Аналар мерекесіне арналған «Тілдік дайындық» кафедрасының қауымд. профессоры Б.А. Таңсықбаева ITЭЭ-22-10, ЖППХ, САД-22-2п, РЭТ, ЭЭ-22-5 топ студенттерінің қатысуымен «Сыйынар ем АНА деген тәңірге!» деген тақырыпта іс-шара өткізді. Мерекемен құттықтау қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, неміс, түрік тілдерінде айтылып, тамаша ән мен күйге ұласты. Шәкірттердің құрметіне риза болған ұстаздар өнерлі де білімді, ізетті де инабатты шәкірттеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.