8 желтоқсан 2023жылы «Тiлге дайындық» кафедрасында «Тәуелсiз елiм» атты iс-шарасы өттi. Іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранымен басталды. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерге Тәуелсіздіктің, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту және өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.Студенттерді Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. Студенттірдің ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.Іс-шара баяндама, пiкiрталас, викториналық сұрақтарымен жалғасып, студенттерге еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беріліп, бейне роликтер көрсетілумен аяқталды. Тәуелсiз елiмiздiң мерекесi құтты болсын!