2025 жылғы 12 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ALT Университетінде 1-курс студенттері арасында «Еркін елдің еркін жастары» атты спорттық-танымдық турнир ұйымдастырылды. Аталған турнир аясында тоғызқұмалақтан жарыс өткізіліп, ұлттық зияткерлік ойын бойынша үздік ойыншылар анықталды.
Жарыс барысында қатысушылар логикалық ойлау қабілеттерін, шыдамдылық пен стратегиялық жоспарлау дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді. Тоғызқұмалақ сайысы студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, патриоттық рухты нығайтуға, сондай-ақ зияткерлік әлеуетін дамытуға зор үлес қосты.
Аталған іс-шара жастардың жан-жақты дамуына, ұлттық мұраны насихаттауға және университет қабырғасында тәрбиелік бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айқындады.
Жарыстың нәтижелері:
I орын: Қанат Жантөре, IT-ЭЭ 25-2к
II орын: Сарсенбай Аян, ИС 25-8к
III орын: Серік Ғазиза, 11-РЭТ-25С-1к (АКАЛиТ)
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және салауатты өмір салтын ұстану арқылы өз денсаулықтарыңызды нығайтуға шақырамыз!


