Select Page

2026 жылғы 15 сәуірде «Сапалы білім»   Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) 4 жүзеге асыру аясында   «ӘГП және ДТ» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.,  т.ғ.к., Шамшиева Г.С. «Қазақ халқының тарихи-мәдени құндылықтарын қорғау» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырды. Дәрісті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың белгілі этнографы, профессор Картаева Т.Е. жүргізді.

Дәріс барысында қазақ халқының өмірінде түйені пайдалану дәстүрлері қарастырылды. Бұрынғы заманда түйелердің көлік құралы ретінде кеңінен қолданылғаны, сондай-ақ шаруашылықта және емдік мақсатта пайдаланылғаны атап өтілді. Түйе сүйектерін және басқа да өнімдерін тұрмыста және халық медицинасында қолдану мысалдары келтірілді. Қазақстан аумағынан табылған петроглифтердегі түйе бейнелеріне және олардың тарихи-мәдени маңызына ерекше назар аударылды. Дәріс студенттердің қызығушылығын тудырып, талқылаумен аяқталды.

Skip to content
Приемная комиссия