Жуырда құрылған қор жетекшісі Есимханов Саят Жанатбекұлының бастамасымен алғашқы шара 19.04.2026 Қарғалы ауылында ұйымдастырылды. Тағылымы мол шара ұлт қайраткерінің рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.
Іс-шара аясында мектеп музейі таныстырылып, танымдық конференция өткізілді. Онда Мұхамеджан Тынышбаевтың өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі және ғылыми еңбектері кеңінен талқыланды.
Аталған шараға Сарқан ауданының әкімі Маманбаев Ғалымжан Қанатұлы, Мұхамеджан Тынышбаевтың немересі Елена Ескендировна, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Арын Ерлан Мұхтарұлы, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызы, техника ғылымдарының кандидаты, М.Тынышбаев атындағы ALT университетінің “Жылжымалы құрам” кафедрасының меңгерушісі Әшірбаев Ғалымжан Қожахатұлы сондай ақ, зиалы қауым өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты. Іс-шара соңында жергілікті мешітте Құран бағышталып, марқұмның рухына тағзым жасалды.
Аталған бастама тарихи тұлғаның мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа тағылым беру бағытындағы жүйелі жұмыстардың бастамасы болып табылады.
Қор білім беру мекемелерімен тығыз іс-қимыл жасап, өз қызметін тарихи мұраны сақтауға, студенттермен тәрбие жұмысын жүргізуге және біліктілікті арттыруға бағыттайды.
Қолданылатын Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ):
- 11-ТДМ: Тұрақты қалалар мен елді мекендер— 11.4-міндеті («Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау мен сақтау») бөлігінде. Қор қазақтың тұңғыш инженер-жолшысы Мухамеджан Тынышпаевтың есімін ұлықтаумен және оның ғылыми-инженерлік мұрасын сақтаумен айналысады.
- 17-ТДМ: Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік— бірлескен зерттеу және әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін қордың университеттермен, мемлекеттік архивтермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы арқылы көрініс табады.


