Select Page

Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсатына сәйкес, сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету және өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту бойынша 8 мамыр күні ӘГПжДТ кафедрасының сеиор – лекторы М.Д.Жумагуловтың жетекшілігімен бірінші курс студенттері «Боралдай Сақ қорғандары» этнографиялық саябағына барып, б.з.д VIII-IV ғасырларда Қазақ жерінде өмір сүрген сақ тайпаларының тұрмысы, тұрағы, мекен-жайларымен танысып келді. Одан соң «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына барып, 1969 жылы табылған «Алтын адам» — деп аталған Сақ ханзадасының сауыты мен қару-жарағы, алтыннан жасалған әшекей бұйымдарын тамашалап, Сақ мәдениетінің маңызы мен мәні туралы естіп, өз көздерімен көріп келді. Музей — тарихи-мәдени мұраны сақтайтын, зерттейтін және насихаттайтын, халықтың рухани қазынасы мен тарихи жадын келер ұрпаққа жеткізетін басты орталық. Ол жәдігерлер арқылы жастарға өткен мен бүгінді жалғап, тәрбиелік, білім беру және ғылыми-танымдық қызмет атқарады.

Skip to content
Приемная комиссия