Select Page

2026 жылдың 18 мамыр күні «Қоғамға қызмет ету» пәні шеңберінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Таза кампус – таза қала» тақырыбында кең көлемді тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 15-бағыты (ТДМ 15), яғни құрлық экожүйелерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау және жастар арасында табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Экологиялық акция барысында университет аумағы тұрмыстық қоқыстардан толық тазартылып, ішкі аулалар мен жаяу жүргінші жолдары ретке келтірілді, сондай-ақ жасыл аймақтар мен екпе ағаштар күтіп-бапталды. Оған қоса, студенттер арасында қоршаған ортаға зиян келтірмеу, экологиялық таза әдеттерді күнделікті өмірге енгізу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы түсіндіру-ағарту жұмыстары жүргізілді.

Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, ортақ игі іске үлкен азаматтық жауапкершілікпен қарады. Мұндай жүйелі бастамалар студенттердің экологиялық мәдениетін шыңдап қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген саналы әрі отансүйгіштік көзқарасын арттыруға септігін тигізеді.

Skip to content
Приемная комиссия