Select Page

Өздеріңіз білетіндей, поэзия сөзден ләззат алуға мүмкіндік береді, біздің қиялымызды бағындыратын және өзіне баурап алатын ерекше энергияға ие күшті, жанды сөздерді тудырады. Біздің студент жастарымыз поэтикалық сөзбен әуестеніп, өзінің рухани әлемін дамытып, байытады.

«Тілдік дайындық» кафедрасының лингвистикалық клубы аясында 2023 жылғы 17 наурызда сениор-лектор А.К. Нұрқасымова мен лектор К.Т. Жақыпованың жетекшілігімен «Поэзия – музыка души» тақырыбында мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді. Байқауға барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысты. Олар әйгілі орыс ақындарының өлеңдерін әсерлі және шын жүректен оқыды.

Базалық және қашықтықтан білім беру институтының директоры Шамиль Асқарұлы Әбдірешов осы байқау жеңімпаздарына грамоталар табыс етті.

1 орын– Нүсіпжан Назерке, РЭТ-22-3к тобының студенті.

2 орын – Жұбан Диас, ПДM-22-1к тобының студенті.

2 орын– Тұрарбекова Гүлжан, ЦЛ-22-1к тобының студенті.

3 орын-Гани Бекзат, IT-ЭЭ-22-9к  тобының студенті.

3 орын – Қуаныш Жансая, IT-ЭЭ-22-9к  тобының студенті

Приемная комиссия