2026 жылғы 22 қазанда Өскемен қаласында «Экологиялық мониторинг: даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ AP23489325 «Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларын қолдана отырып, Шығыс Қазақстан облысы халқының денсаулық көрсеткіштерінің кеңістіктік-уақыттық динамикасын модельдеу» гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру аясында ұйымдастырды.
Халықаралық конференцияға Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University Телекоммуникациялар департаментінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері Смаилова Д.А., Хабиболлақызы Б. және Алметова Е.М. қатысты.
Ғылыми іс-шара аясында экологиялық жағдайды талдау және халық денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерді болжау үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға арналған «Математикалық модельдеу, Big Data және цифрлық технологиялар: экологиялық тәуекелдер мен қоғамдық денсаулық динамикасын болжау» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы ұсынылды.
Зерттеу барысында атмосфералық ауаның ластануын бақылау, метеорологиялық жағдайларды талдау және экологиялық тәуекелдерді бағалау үшін математикалық модельдеу, үлкен деректер (Big Data), жасанды интеллект (AI) және заттар интернеті (IoT) технологияларын пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Алматы қаласының мысалында экологиялық жағдайды алдағы 24–72 сағатқа болжауға ерекше назар аударылды.
Халықаралық конференцияға қатысу жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланысты дамытуға, зерттеу тәжірибесімен алмасуға, сондай-ақ цифрлық технологиялар, экологиялық мониторинг және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.
Аталған бастама ТДМ 17 «Тұрақты даму мақсатындағы әріптестік» қағидаттарына сәйкес келеді және өзекті экологиялық әрі әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында университетаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, білім мен тәжірибе алмасуға және бірлескен ғылыми-зерттеу бағыттарын дамытуға ықпал етеді.
ALT University отандық және шетелдік білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып, оқытушылардың халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуын және инновациялық технологияларды ғылыми-білім беру қызметіне енгізуді қолдайды.
«ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ: ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақалалар жинағы
Автор: Алметова Е. М.


