Select Page

08.04.2026 ж. — Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде «Ғылым айы» (1-30 сәуір аралығында) іс-шаралар жоспары аясында «Сәулет-құрылыс инженерия» (СҚИ) кафедрасының ұйымдастыруымен кезекті ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті.

Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі — ТДМ 4: Сапалы білім беру бағытын іске асыруға бағытталған. Сапалы білім тек оқу процесімен шектелмейді, Профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейге көтеруді және алдыңғы қатарлы зерттеу әдістерін меңгеруді көздейді.

Шараның барысы: Семинардың ашылу салтанатында «СҚИ» кафедрасының меңгерушісі, ALT қауымдастырылған профессоры Мурзалина Г.Б. сөз сөйледі. Ол халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялану — заманауи білім берудің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Семинар тақырыбы: «Ғылыми мақалалар жазу, журналдарды таңдау және халықаралық рецензиялау процесі: Scopus және Web of Science талаптары». Баяндамашы: «СҚИ» кафедрасының сениор-лекторы Оразбаева Д.А.

Талқыланған негізгі мәселелер:

Семинар қатысушылары ғылыми зерттеулерді жариялаудың жаңа құралдарын меңгеріп, ТДМ 4 аясында білім мен ғылымның сапасын арттыруға бағытталған практикалық кеңестер алды.

«СҚИ» кафедрасы ғылым жолындағы ізденістеріңізге сәттілік тілейді!

Skip to content
Приемная комиссия