06.04.2026 ж. — Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде дәстүрлі «Ғылым айы» (1-30 сәуір) аясында кезекті маңызды іс-шара болып өтті. «Сәулет-құрылыс инженерия» (СҚИ) кафедрасының ұйымдастыруымен профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Зерттеу дағдылары: ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу және Антиплагиат» атты шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.
Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі — ТДМ 4: «Сапалы білім беру» бағытын іске асыруға және университеттегі ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған.
Мастер-класс барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
- «СҚИ» кафедрасының сениор-лекторы Молдаганапова А.Г. шараны ашып, қатысушыларға спикерлерді таныстырды және зерттеу жұмысындағы қазіргі трендтердің маңыздылығын атап өтті.
- Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Дулатова Мадина Сабитовна ғылыми ақпаратты іздеудің тиімді жолдары, халықаралық деректер базасымен жұмыс істеу және ғылыми сілтемелер мен дәйексөздерді рәсімдеудің халықаралық стандарттары туралы құнды ақпаратпен бөлісті.
- Ғылым және инновациялар департаментінің бас маманы Амангельдиева Юлия Владимировна «Антиплагиат» жүйесінен сәтті өту құпиялары мен академиялық адалдық принциптеріне тоқталды.
- Жиынды Ғылым және инновациялар департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, PhD Алтай Ельдос Алтайұлы қорытындылап, жас ғалымдарға ғылыми-зерттеу жолында сәттілік тіледі.
Іс-шара болашақ мамандардың дипломдық жұмыстар мен ғылыми мақалаларды халықаралық талаптарға сай сапалы жазуына бағыт-бағдар берді.
Ұйымдастырушылар: «СҚИ» кафедрасы, ALT кітапханасы және Ғылым және инновациялар департаменті.


