Select Page

М. Тынышпаев атындағы ALT University көлік және құрылыс, энергетика және автоматтандыру, экология және тіршілік қауіпсіздігі бағыттары аясында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуді белсенді түрде қолдайды, олардың қағидаттарын білім беру үдерісі мен ғылыми зерттеулерге енгізеді. Университет сондай-ақ ТДМ бастамаларын іске асыру үшін мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамытады.
Осындай әріптестіктің бір мысалы — Университеттің GIZ ұйымымен ынтымақтастығы. Бұл ұйым жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, әлем бойынша тұрақты даму жобаларын жүзеге асырады, заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеп, енгізеді, ғылыми зерттеулер жүргізеді және тұрақты даму саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады. Мұндай әріптестік ТДМ қағидаттарын оқу үдерісіне енгізуге зор ықпал етеді.
GIZ-тің «Климаттық өзгерістерді ескере отырып Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару» өңірлік бағдарламасы аясында «АКҚ және ӨТҚ» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қалыбекова Е.М. Чехия, Германия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінен келген сарапшылар тобымның құрамында ағымдағы жылдың 14–16 сәуір аралығында Ташкент қаласында өткен су ресурстарын бірігіп басқару бойынша сертификаттау курсын бағалау жөніндегі мамандандырылған семинарға қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты — Орталық Азия өңіріндегі салалық ұйымдардың қажеттіліктеріне сәйкес су ресурстарын бірігіп басқару бойынша тыңдаушылар мен тренерлерге арналған озық оқу модульдері мен әдістемелік материалдарды әзірлеу.

Skip to content
Приемная комиссия