Select Page

26 желтоқсан күні сағат 15:30-да «Автоматтандыру және басқару» кафедрасында «SCADA жүйелері және оларды темір жол көлігінде қолдану» тақырыбында мастер-класс өтті. Іс-шараның лекторы – Орунбеков М.Б. болды. 

Мастер-кластың негізгі мақсаты – студенттер мен ПОҚ  заманауи SCADA-жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларымен, архитектурасымен және оларды темір жол көлігінде қолданудың практикалық аспектілерімен таныстыру. Іс-шара барысында диспетчерлік басқару, технологиялық процестерді нақты уақыт режимінде бақылау, деректерді жинау және өңдеу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Мастер-класс аясында темір жол көлігінде SCADA-жүйелерін қолданудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Аталған жүйелер пойыз қозғалысын басқаруда, сигнализация мен энергиямен жабдықтау жүйелерін бақылауда, техникалық жабдықтардың жағдайын қадағалауда кеңінен қолданылады. Лектор SCADA технологияларының адам факторын азайту, апаттық жағдайлардың алдын алу және тасымалдау процестерінің тиімділігін арттырудағы рөлін нақты мысалдар арқылы көрсетті.

Өткізілген мастер-класс Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен (ЦУР) тығыз байланысты. Атап айтқанда: ЦУР 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: SCADA-жүйелерін енгізу темір жол инфрақұрылымының тұрақтылығы мен сенімділігін арттырып, цифрлық және инновациялық шешімдерді дамытуға ықпал етеді. ЦУР 4 – Сапалы білім беру: осындай мастер-класстар студенттердің практикалық дағдыларын дамытып, заманауи цифрлық құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мастер-класс қатысушылардың жоғары қызығушылығын тудырып, белсенді пікір алмасумен өтті. Мұндай іс-шаралар білім беру, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, көлік саласындағы цифрлық технологияларды дамыту арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосады.

Skip to content
Приемная комиссия