Select Page

17 қыркүйекте М.Тынышпаев атындағы университетте «Темірдей жігер – табысқа апарар теміржол» атты көшбасшылық дәрісі өтті. Дәрісті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Бубиканов Арман Сражадинұлы жүргізді.

Арман Сражадинұлы теміржол саласындағы өз кәсіби жолымен бөлісіп қана қоймай, студенттерге Орталық пайдалану қызметі (ОПҚ) шаруашылығының басқару құрылымы туралы кеңінен әңгімеледі.

Ол теміржол инфрақұрылымын пайдалану жүйесінің қалай ұйымдастырылатынын, ОПҚ құрамындағы негізгі бөлімшелердің қызметін және олардың өзара байланысын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, пойыз қозғалысын ұйымдастыру, жол шаруашылығын техникалық күтіп ұстау, қауіпсіздік пен үздіксіз тасымал үдерісін қамтамасыз ету сынды негізгі бағыттарға ерекше тоқталды.

Спикер басқарушылық және өндірістік бөлімшелердің үйлесімді жұмысы мен жоғары білікті мамандардың болуы бүкіл теміржол жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Кездесу соңында Арман Сражадинұлы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа және заманауи білім мен тәжірибелік дағдылары бар жас кадрларды даярлауға мүдделі екенін жеткізді.

Студенттер дәріске үлкен қызығушылық танытып, мансаптық өсу, тәжірибеден өту және ұлттық компаниядағы жұмыс мүмкіндіктері жөнінде сұрақтар қойды.

М.Тынышпаев атындағы университеттің Мансапты дамыту офисі Арман Сражадинұлы Бубикановқа мазмұнды дәрісі мен кәсіби тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреді.

Skip to content
Приемная комиссия