2026 жылғы 8 сәуірде «Теміржол көлігін коммерциялық пайдалану» пәні аясында УЛЖС-25-1 тобының бакалаврлары үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Оңтүстік-Шығыс өңірлік тасымалдауды басқару орталығы базасында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.
Көшпелі сабақты ұйымдастырушы және жетекшісі — Молгаждаров Амангельды Сабдиевич, «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ALT University.
Сабақ барысында білім алушылар нақты өндірістік жағдайда тасымалдау процесін ұйымдастырумен танысты. Практикалық бөлім Түркістан станциясынан Защита станциясына дейінгі маршрутты қамтып, Шымкент, Ленгер, Шу, Алматы-1, Отар станцияларының жұмысы қарастырылды.
Бакалаврлар:
- станциялардың техникалық жабдықталуын;
- Алматы-1 – Отар және Отар – Шу учаскелерінің ұйымдастырылуын;
- пойыз учаскелерінің сипаттамаларын;
- жолаушылар және жүк пойыздарының салмақтық және жылдамдық параметрлерін зерттеді.
Ситуациялық орталықта мамандар тасымалдауды жедел басқару процестерін көрсетті. Пойыздардың кешігуін реттеу, локомотивтер мен бригадаларды ауыстыру мәселелері талқыланды.
Студенттер ғылыми-техникалық кітапхана мен теміржол көлігі музейіне барып, теориялық білімдерін тәжірибемен бекітті.
Сабақ қорытындысы бойынша білім алушылар кәсіби білімнің маңыздылығын атап өтті.
ТДМ:
- 4 — Сапалы білім
- 8 — Лайықты еңбек және экономикалық өсу
- 9 — Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым
- 17 — Серіктестік


