Select Page

2025–2026 оқу жылының 2-семестрінде «Геология, топырақ механикасы, негіздер мен іргетастар» пәні аясында ALT студенттері үшін маңызды практикалық кезең ұйымдастырылды. 2 наурыз бен 20 сәуір аралығында өткен дуалды оқыту еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі — «ҚазДорНИИ» АҚ базасында өтті.

Өндірістік тәлімгер, зертхана меңгерушісі Д.А. Алимжановтың жетекшілігімен студенттер:

  • Инженерлік-геологиялық зерттеулер мен топырақтарды зертханалық сынаудың заманауи әдістерін меңгерді;

  • Негіздер мен іргетастарды жобалаудың практикалық негіздерін зерттеді;

  • Арнайы жабдықтармен жұмыс істеу, нәтижелерді сараптау және нормативтік-техникалық құжаттаманы қолдану дағдыларын қалыптастырды.

Бұл бастама студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.

Skip to content
Приемная комиссия