«М. Тынышпаев атындағы АЛТ Университет» ТКС 22-1к тобының студенттері «Транстелеком» АҚ Алматытранстелеком филиалы телекоммуникациялық кәсіпорнының өндірістік алаңында байланыс құрылғыларын электрмен қоректендіруге арналған практикалық көшпелі сабаққа қатысты.
Сабақты біздің Радиотехника және телекоммуникациялар кафедрасының АЛТ қауымдастырылған профессоры, Мамилов Бақытжан Естемесұлы және Алматытранстелеком филиалының Интернет екіншілік желісінің бастығы — тәжірибелі маманы мырза Азамат Мұхтарұлымен бірлесіп ұйымдастырды.
Азамат Мұхтарұлы жабдықтың жұмысын көрсетіп, нақты практикалық міндеттер туралы айтып берді. Жұмыс жабдықтарына шолу жасалды – студенттер үздіксіз қоректендіру көздерімен танысты. Кәсіпорын инженерлерімен міндеттерді талқылау – нақты жұмыс кеңістігінде сұрақ-жауап форматында болды . Энергияны резервтеу жүйелерінің жұмысын көрсету – студенттер сенімді байланыстың қалай қамтамасыз етілетінін көрді.
Сабақ барысында студенттер бірегей мүмкіндіктерге ие болды:
- телекоммуникация саласындағы кәсіпқойлардың жұмысын бақылау;
- электрмен қоректендіру жүйелерін құру және резервтеу принциптерін зерделеу;
- жабдықтардың энергия тұтынуын бақылау мен басқару тиімділігін бағалау;
- теориялық білімді практикада бекіту.
Алматы Транстелеком филиалындағы практикалық тәжірибе студенттерге оқу пәндері мен инженердің нақты міндеттері арасындағы өзара байланысты көруге, талдау дағдыларын, заманауи технологиялармен жұмыс істеуді қалыптастыруға және оларды кәсіби қызметке дайындауға көмектеседі.
Біз «Алматы Транстелеком» филиалына және Азамат Мұхтарұлына ұсынылған мүмкіндік үшін, ал студенттерімізге белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз!


