2026 жылғы 29 қазанда Энергетика департаменті Тұрақты даму мақсатының 4-бағытын «Сапалы білім» іске асыру аясында «Практикалық сабақ – командалық ізденіс пен инженерлік шешімдерді негіздеу кеңістігі» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Спикер ретінде ALT қауымдастырылған профессоры Егзекова А.Т. сөз сөйледі.
«Тартылым және трансформаторлық қосалқы станциялар» пәні мысалында қатысушыларға кейс-әдісті қолдану арқылы практикалық сабақты ұйымдастыру тәжірибесі ұсынылды. Студенттер командаларда жұмыс істеп, функционалдық рөлдерді бөлісті, жоғары кернеулі жабдықтарды кешенді таңдауды жүзеге асырды, есептеулер жүргізді, алынған нәтижелерді талқылады, өзара тексеру жүргізіп, қабылданған инженерлік шешімдерді негіздеді.
Шеберлік сабағы барысында Каган әдісі бойынша кооперативтік оқытудың элементтері көрсетілді: тапсырманы жеке ойластыру, командада пікір алмасу, ортақ шешім қабылдау және әрбір қатысушының қорытынды жауап үшін жеке жауапкершілігі. Студенттердің тең дәрежеде қатысуына, дәлелдеу дағдыларын дамытуға және ортақ нәтиже үшін жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар командалық рөлдерді бөлу, өзара бағалау үшін чек-парақтар мен түсті карточкаларды қолдану, сондай-ақ командалық шешімдерді қорғауды ұйымдастырудың практикалық тәсілдерімен танысты. Ұсынылған тәсіл студенттерді оқу үдерісіне белсенді тартуға, сыни және инженерлік ойлауды дамытуға, кәсіби және коммуникативтік құзыреттерді жетілдіруге ықпал етеді.
Шеберлік сабағын өткізу білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, практикалық-бағдарланған заманауи оқыту әдістерін енгізуге және студенттердің тең дәрежеде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталды. Бұл міндеттер ТДМ 4 «Сапалы білім» қағидаттарына сәйкес келеді. Кейстердің инженерлік бағыттылығы мен ұтымды техникалық шешімдерді іздеу ТДМ 9 «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым» мақсатын іске асыруға да ықпал етеді.
Шеберлік сабағы әріптестер тарапынан оң бағаланды. Қатысушылар іс-шараның практикалық маңыздылығын және ұсынылған тәсілдерді басқа пәндер бойынша сабақтарда қолдану мүмкіндігін атап өтті.
Автор: Утепбергенова С. М., Егзекова А.Т.


