Select Page

2026 жылғы 14 мамырда «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Ж. Сүгірова және сениор-лекторлар К.Ж. Демеуова мен Ш.А. Игенбаева «Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі заманауи мемлекеттік қызметшінің миссиясы» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырды.

Дәріске спикер ретінде Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Мәди Әлішер Әлиғазыұлы қатысты.

Дәріс барысында спикер мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік саясатты іске асырудағы, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудегі және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай қалыптастырудағы рөлі туралы баяндады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы, меритократия қағидаттары, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен есептілігі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы мамандарға қойылатын заманауи талаптар жан-жақты қарастырылды.

Білім алушылар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік сектордағы кәсіби даму мүмкіндіктерін талқылады.

Мұндай іс-шаралар білім беру үдерісі мен мемлекеттік органдардың практикалық қызметі арасындағы байланысты нығайтуға, студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтуге және мемлекеттік басқару саласындағы заманауи үрдістер туралы білімдерін арттыруға ықпал етеді.

Іс-шара БҰҰ-ның 8-Тұрақты даму мақсаты – «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» аясында ұйымдастырылды.

Автор: Алик А.

Skip to content
Приемная комиссия