Select Page

24 маусымда халықаралық ынтымақтастықты дамыту және материалдық-техникалық базаны жаңғырту аясында ALT University Басқарма төрағасы – Ректоры Меруерт Советқызы Жармағамбетова мен Академиялық қызмет жөніндегі проректор Шамиль Асқарұлы Әбдірешов құрамындағы университет делегациясы Тяньцзинь университетіне барды. Бұл оқу орны — Қытайдың қазіргі тарихындағы тұңғыш университет әрі елдегі жетекші ұлттық зерттеу университеттерінің бірі.

1895 жылы негізі қаланған университет 130 жылдан астам уақыт бойы Қытай жоғары білімінің, ғылымының және инженерлік кадрлар даярлаудың басты көшбасшыларының бірі болып келеді. Бүгінде мұнда 45 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде 16 мыңнан астамы — магистранттар және 9 мыңға жуығы — докторанттар. Тяньцзинь университеті ұлттық және халықаралық рейтингтерде жетекші орындарға ие және инженерлік зерттеулердің, технологиялық инновациялардың және жоғары білікті мамандар даярлаудың танымал орталығы саналады.

Сапар барысында ALT University өкілдері университеттің заманауи білім беру және ғылыми инфрақұрылымымен танысып, зертханалар мен ғылыми-зерттеу орталықтарын аралады, сондай-ақ жоғары оқу орнының басшылығымен академиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, ғылыми тәжірибе алмасу, зерттеу жобаларын дамыту және инженерлік білім беру саласындағы серіктестікті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Әлемнің жетекші университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту — ALT University стратегиясының негізгі бағыттарының бірі. Тяньцзинь университетімен серіктестік студенттер мен оқытушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, әлемдік үздік білім беру тәжірибелерін енгізуге және инженерлік ғылым мен жоғары технологиялық салалардың заманауи талаптарына жауап беретін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Автор: Алия Ерлан

Skip to content
Приемная комиссия