Select Page

2026 жылғы 25–26 маусымда Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында Өндіріс, білім, ғылыми зерттеулер және практикалық қолдану саласындағы Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығы жөніндегі конференция өтті.

Конференция жұмысына ALT University Басқарма төрағасы – Ректоры Меруерт Советқызы Жармағамбетова мен Академиялық қызмет жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі Шамиль Асқарұлы Әбдірешов қатысты. Аталған ауқымды шара Қытай мен Орталық Азия елдерінің мемлекеттік орган, білім беру ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындарының өкілдерін бір алаңға біріктірді.

25 маусымда өткен конференцияның салтанатты ашылу рәсімі аясында жоғары және кәсіптік білім беру саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының нәтижелері ұсынылды.

Меруерт Советқызы Жармағамбетова мен Үрімші кәсіптік университетінің Партия комитетінің хатшысы Тан Сяобин Қазақстан мен Қытай арасында іске асырылып жатқан бірлескен білім беру бастамалары, соның ішінде Лу Бань шеберханалары желісін дамыту барысы туралы баяндады.

Маңызды бірлескен жобалардың бірі — ALT University базасында өндірістік робототехника бойынша Лу Бань шеберханасын құру. Жаңа білім беру орталығы автоматтандыру, зияткерлік өндіріс, көлік логистикасы және цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлайтын заманауи алаңға айналады.

Жоба ALT University мен Үрімші кәсіптік университеті арасындағы стратегиялық серіктестік аясында жүзеге асырылуда. Ол озық білім беру шешімдерін енгізуге, практикаға бағытталған оқытуды дамытуға және көлік-логистика саласы үшін жаңа буын кадрларын даярлауға бағытталған.

Орталық өндірістік робототехника мен зияткерлік өндіріс технологияларын оқытуға арналған заманауи жабдықтармен жасақталады. Оның құрылуы студенттерге жоғары технологиялық өндірістік жүйелермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгеруге және әлемдік өнеркәсіп пен логистикада қолданылатын заманауи шешімдерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Меруерт Советқызы Жармағамбетова Лу Бань шеберханасын дамыту Қазақстан мен Қытай арасындағы академикалық және технологиялық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Тан Сяобиннің айтуынша, Лу Бань шеберханасы кадрларды даярлаудың тиімді халықаралық платформасы болып табылады және зияткерлік өндіріс, заманауи көлік технологиялары мен логистика салаларындағы бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға септігін тигізеді.

Skip to content
Приемная комиссия