Select Page

2026 жылғы 23 қыркүйекте М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінің Әлеуметтік ғылымдар және адамды дамыту департаменті ұйымдастыруымен «Ұлттық спорт – ұлт рухы» атты ұлттық спорт апталығы аясында танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында студенттерге тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, көкпар, жамбы ату, ат спорты сияқты ұлттық спорт түрлерінің тарихы мен ерекшеліктері таныстырылды. Қатысушылар ұлттық ойындарға қатысты интерактивті тапсырмаларға белсенді қатысты.

Іс-шараға университетте өткен конференцияның спикерлері де қатысып, студенттермен пікір алмасты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық спортты насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

  • ТДМ №3 — «Жақсы денсаулық және әл-ауқат»
    «Ұлттық спорт – ұлт рухы» ұлттық күні аясында ұлттық спорт түрлерін насихаттау, жастарды дене белсенділігіне тарту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
  • ТДМ №6 — «Таза су және санитария»
    Ұлттық күн аясындағы спорттық іс-шаралар барысында қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау және таза ауыз судың маңыздылығын насихаттауға көңіл бөлінді.

Автор: Төке С. Т.

Skip to content
Приемная комиссия