Select Page

Бүгін М.Тынышбаев атындағы ALT Университетіне Wabtec Corporation компаниясының персоналды басқару бөлімінің басшысы Руслан Унайбеков арнайы келді.
Кездесу барысында тараптар көлік және теміржол саласы үшін білікті мамандар даярлау, студенттердің өндірістік тәжірибеден және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, сондай-ақ университет пен компания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Әсіресе, «Жылжымалы құрам инженериясы», «Вагон кешенінің инженерлік менеджменті» және «Локомотив кешенінің инженерлік менеджменті» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Университет пен компания өкілдері саланың заманауи талаптары мен өндірістік үдерістерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіруге жұмыс берушілердің қатысу мүмкіндіктерін қарастырды.
Талқылау аясында білім беру бағдарламаларын өзектендіру, компания мамандарын қонақ дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізуге тарту, сондай-ақ студенттер үшін тәжірибеге бағытталған сабақтарды ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Мұндай бастамалар болашақ мамандардың саланың жетекші өкілдерінен өзекті білім алып, кәсіби қызметке сапалы дайындалуына мүмкіндік береді.
Осындай кездесулер білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, студенттердің кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады және теміржол саласының қажеттіліктеріне жауап беретін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға негіз қалайды.

Автор: Абдикаликова Л. Б.

Skip to content
Приемная комиссия