2026 жылғы 7 қыркүйекте №4 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» акциясы аясында студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуге Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ногайбаев Тимур Ельтаевич және Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Елеусизов Айтан Жанаманович қатысып, студенттермен ашық форматта пікір алмасты.
Іс-шара барысында құқықтық жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың қауіпсіздігі және заң талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. Құқық қорғау органдарының өкілдері студенттерге күнделікті өмірде кездесуі мүмкін түрлі құқықтық жағдайлар жөнінде түсіндірме беріп, өз құқықтары мен міндеттерін білу әрбір азамат үшін маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, заңға құрметпен қарау, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және қоғамдағы тәртіпті сақтаудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі.
Заңды құрметтеу – қоғам қауіпсіздігіне қосылған үлес.
Ал заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Автор: Аманкелді Б. А.


