Select Page

Арсен Шабанов,
ALT University әскери кафедрасының студент-белсендісі, рота командирі,
«Тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру» мамандығы

2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы өз күшіне енді. Жастар үшін бұл тек маңызды мемлекеттік оқиға ғана емес, бұл — еліміздің заман талабына сай қадам басып, болашақтың негізін қалай отырып, алға қарай дами беретіндігінің айқын белгісі.

Студент әрі белсенді ретінде мен Конституцияны тек мемлекеттік құрылымды айқындайтын құжат қана емес, сонымен бірге қоғамымыздың негізі болып табылатын құндылықтардың бастауы деп есептеймін. Заңға деген құрмет, жауапкершілік, әділдік, бірлік және дамуға ұмтылу әрбір азамат үшін басты бағдар болып қала бермек.

Бүгінде жастар қоғамдық өмірге белсене араласып, өз бастамаларын жүзеге асыруда, еріктілер (волонтерлік) қызметімен айналысады, жаңа идеялар мен жобаларды ұсынады. Сондықтан елімізде болып жатқан өзгерістерге өзіңнің де қатысың бар екенін сезіну және Қазақстанның болашағы үшін жауапкершілікті түсіну ерекше маңызды.

Жаңа Конституция мемлекетті одан әрі нығайтуға, азаматтық қоғамды дамытуға және әрбір адамның өзін-өзі танытуына жағдай жасауға деген ұмтылысты көрсетеді. Менің замандастарым үшін бұл — жай ғана сырттай бақылаушы емес, осы оң өзгерістердің белсенді қатысушысы болуға берілген үлкен мүмкіндік.

Еліміздің табысты болуы көп жағдайда жастарға — олардың біліміне, бастамашылдығына, еңбекқорлығына және қоғам игілігі үшін қызмет етуге дайындығына байланысты екеніне сенімдімін. Сондықтан бүгінгі күні шетте қалмай, Қазақстанның дамуына өз үлесіңді қосу әрқайсымыз үшін өте маңызды.

Skip to content
Приемная комиссия