11 қыркүйек күні студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және Конституциялық өзгерістердің мәнін түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу «Жаңа Конституция: негізгі ережелері және қоғамдық маңызы» тақырыбына арналды.
Іс-шараның спикері — Алматы қаласының «Жас сайлаушылар» клубының төрағасы Маханбет Бауыржан Сабитұлы.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері, оның қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқықтық мәдениет пен азаматтық белсенділіктің рөлі кеңінен талқыланды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Конституциялық өзгерістердің қоғам мен әр азаматтың өміріне ықпалы туралы пікір алмасты.
Құқықтық сауатты қоғам — әділетті әрі тұрақты мемлекеттің негізі. Жастардың Конституцияны білуі, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі және қоғамдық өмірге белсенді араласуы — елдің болашағы үшін маңызды қадам.
Іс-шараның негізгі бағыты құқықтық сауаттылықты арттыру, заң үстемдігін түсіндіру және жастардың азаматтық жауапкершілігін нығайту арқылы Тұрақты даму мақсаттарының 16-бағыты Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттармен үндеседі.
Заңды білу — өз құқығыңды білу. Ал өз құқығын білетін ұрпақ — жауапты қоғамның негізі.
Автор: Аманкелді Б. А.


