Select Page

1 шілдеден бастап Қазақстанда мемлекет пен қоғам дамуының жаңа бағдарларын айқындаған жаңа Конституция өз күшіне енді. Қазақстандықтарды осы маңызды тарихи оқиғамен құттықтаймын. Жаңартылған Негізгі заң еліміздің адам, оның құқықтары, даму мүмкіндіктері мен мемлекет болашағына қосатын үлесі басты назарда болатын әділетті, қуатты және заманауи мемлекет құруға деген ұмтылысын көрсетеді.

Бүгінгі таңда әлем қарқынды түрде өзгеріп жатыр. Жаңа технологиялар, цифрландыру және жасанды интеллект еңбек нарығы мен мамандарға қойылатын талаптарды трансформациялауда. Мұндай жағдайда білім, ғылым және адами капиталды дамыту ерекше рөлге ие болады. Дәл осы білімді, бастамашыл және жауапты азаматтар прогрестің және мемлекеттің тұрақты дамуының басты қозғаушы күші саналады.

Сонымен қатар, білім беру тек кәсіби ғана емес, сонымен бірге маңызды тәрбиелік миссияны да атқарады. Университеттер жастардың дүниетанымын қалыптастырады, заңға, еңбекке және білімге деген құрметті арттырады, азаматтық жауапкершілік сезімі мен Отанға деген сүйіспеншілікті нығайтады. Отансүйгіштік, адамгершілік, ұлттық құндылықтарға, елдің бірлігі мен тарихи мұрасына деген құрмет қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеудегі ең маңызды бағдарлар болып қала береді.

Жаңа Конституция мемлекеттің тұрақты дамуы сапалы білімсіз, қуатты ғылымсыз және кадрларды даярлаудың тиімді жүйесінсіз мүмкін еместігін айқын көрсетеді. Бұл жоғары оқу орындары үшін үлкен жауапкершілік қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер де туғызады. Жоғары оқу орындары тез өзгеретін экономика жағдайында табысты жұмыс істей алатын, инновацияларды енгізетін, ел дамуына қатысатын және оның интеллектуалдық әлеуетін нығайтуға үлес қоса алатын мамандарды даярлауы тиіс.

ALT University-дің миссиясы — білім, ғылым және инновациялар арқылы жақсы болашақты қалыптастыру. Дәл соңдықтан біз жаңа Конституцияны білім, кәсібилік, жасампаз еңбек, азаматтық жауапкершілік пен дамуға деген ұмтылыс негізгі құндылықтарға айналатын қоғам құру жолындағы маңызды қадам деп санаймыз.

Меруерт Жармағамбетова
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University Басқарма төрағасы – Ректоры

Skip to content
Приемная комиссия