Select Page

05.05.2026 жылы университетте «Сенімділік, мотивация, жетістік: жаңа өзіңе қадам» тақырыбында психологиялық тренингтер, сондай-ақ қақтығыстарды, стрессті және агрессияны басқару дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығулар.
Тренингтерді Инклюзивті білім беру және менталдық денсаулық офисінің жетекшісі Шабденова Дария Рахималиевна және Nur Lab Medical Clinic клиникалық психологы Кәкімбекқызы Дина жүргізді.
Іс-шаралар тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында жүзеге асырылып, білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын арттыруға және тұлғалық дамуына бағытталды.
Тренинг барысында білім алушылар:
• өзін-өзі реттеу және стрессті басқару дағдыларын меңгерді
• тиімді қарым-қатынас жасап, қақтығыстарды шешуді үйренді
• өзіне деген сенімділігін және ішкі мотивациясын арттырды
Сабақтарда заманауи әдістер қолданылды:
трансформациялық ойындар, метафоралық ассоциативтік карталар (МАК), mind-map әдістері, сондай-ақ интерактивті оқыту элементтері.

Skip to content
Приемная комиссия