Select Page

22 сәуір — Халықаралық Жер күніне орай сениор-лектор Фарида Сәрсенбаеваның жетекшілігімен 68-топ студенттері «Save the Planet» атты экологиялық шара ұйымдастырды.

Студенттер «Орман», «Мұхит», «Адамдар» және «Жануарлар» атты төрт командаға бөлініп, жаһандық экологиялық мәселелерді талқылады:

  • Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін зардаптары;

  • Табиғи ресурстарды сақтаудың тиімді жолдары;

  • Экологиялық дағдарыстың алдын алуға бағытталған нақты шешімдер.

Шара «Who am I?» ойыны және эмодзи-ребустар сияқты интерактивті тапсырмалармен жалғасып, студенттердің креативті ойлау қабілетін көрсетті. Бұл бастама БҰҰ-ның ТДМ 13 (Климат), ТДМ 14 (Су асты тіршілігі) және ТДМ 15 (Құрлықтағы тіршілік) мақсаттарына толық сәйкес келеді.

Skip to content
Приемная комиссия