2026 жылғы 30 қыркүйекте ALT University-де Азаматтық құрылыс департаментінің ұйымдастыруымен кадастр және жер қатынастары саласына арналған қонақ дәріс өтті.
Дәрістің спикері — техника ғылымдарының докторы, Satbayev University МДИГ кафедрасының профессоры Пентаев Төлеубек.
Қонақ дәрістің тақырыбы:
«Қазақстан Республикасында жер-құқықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму тарихы»
Дәріс барысында Қазақстандағы жер қатынастарының қалыптасу кезеңдері, жер заңнамасының тарихи дамуы, жер құқығы жүйесінің ерекшеліктері және кадастр саласымен байланысты өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Спикер теориялық мәліметтермен қатар кәсіби тәжірибесінен мысалдар келтіріп, жер ресурстарын тиімді басқарудың және кадастрлық қызметті жетілдірудің маңызын атап өтті.
Студенттер дәріс барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті сала маманымен тікелей пікір алмасуға мүмкіндік алды. Мазмұнды кездесу білім алушылардың кәсіби дүниетанымын кеңейтіп, теориялық білімдерін толықтыруға және болашақ мамандықтарының маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.
Осындай қонақ дәрістер білім мен тәжірибені ұштастырып, студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға және сала мамандарымен байланыс орнатуына мол мүмкіндік береді.
Құнды білімімен және тәжірибесімен бөліскен Пентаев Төлеубекке алғысымызды білдіреміз!
Автор: Тасыбаева Н. Қ.


